Skip to main content
Риддердегі демалыс

Ормандағы үйшіктер / Монша / Рафтинг / Жорықтар/

Белсенді демалыс

Біз тек жылы үйшіктерде тұруды ғана емес, табиғатта белсенді демалудың толық кешенін ұсынамыз. Қыста Батыс Алтайдың керемет орманында шаңғы тебіп ләззат алуға болады. Жазда рафт немесе каякпен қарқынды өзен ағысының адреналинін сезінуге болады. Тәжірибелі гидтер сапардан барынша әсер алуға көмектеседі.

Біздің үйшіктер

Жанға жайлы орын

Базада әрқайсысы 6 адамға дейінгі екі шағын топ орналаса алады.
Екі қонақ үйде де жанға жайлы, үй сияты атмосфера бар. Қолдан жасалған ағаш жиһаз, қабырғалардың майқарағай иісі, отынмен жанатын пеш — мұның бәрі демалыстан ұмытылмас әсер қалдырады.

Үйшіктер қажетті ыдыс-аяқ, асхана құралдары және төсек-орынмен толық жабдықталған.  Пешті жағып, суды тасудың қажеті жоқ — бәрін біз жасаймыз. Сіздің міндетіңіз — демалу ғана.

  • Ыстық және суық су

  • Электр қуаты

  • Тегін Wi-Fi

  • Дүкен 15 минут жерде

  • Үйдің ішінде жылы дәретхана

  • Таза төсек-орын

Біз сізге ұсына аламыз

Тегін

Үлкен, тату компаниямен жиналғанда дәмді палау пісіру немесе көмірде стейк қуыру туралы уайымдаудың қажеті жоқ. Сіз ойша демалып та қойдыңыз. Ештеңе етпейді! Ыңғайлы демалысыңыз үшін қажетті ас үй құрал-жабдығын біз мүлдем тегін ұсынамыз.

Үлкен мангал

12 литрлік шойын қазан

Барбекю торлары

Шашлыққа арналған отын

Базада не істеуге болады

Скитур/фрирайд

Рафтпен сплав

Шаңғы жарысы

Трекинг/тау жорықтары

Дәмді әрі тойымды

үй тағамдары

Үй тағамы сүйіспеншілікпен дайындалады. Сондықтан ол оң энергия мен ізгілікке толы.
Скитурдан кейін ең соңғы қалайтын нәрсе — тамақ пісіру. Бәрін біз сіз үшін жасаймыз, ас дәмді болсын!

  • Компанияларға арналған

    Компанияларды таза ауада тамаша уақыт өткізуге шақырамыз. Әріптестеріңізбен тауға шығыңыз, рафтпен сплав жасаңыз. Жалпы, күнделікті кеңсе тіршілігінен қол үзіп демалыңыз.